Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен тұрақты комиссияның төрағасы Саят Сыздықов тыл еңбеккері Раиса Гавриленконы құттықтады.
Чистополье ауданы Литвиновка ауылының тумасы Раиса Леонтьевна соғыс басталған кезде шамамен 5 жаста еді. Кішкентай жасына қарамастан, қаршадай Рая ересектерге дала жұмыстарында көмектесе бастады.
«Балалық шағымыз қиын жылдарға тура келді. Сол жылдары бізді жидек пен балық құтқарды. Өзі көп және өте тәтті болды... Балық та көп болатын», - деді есіне алып тыл еңбеккері.
Қиындықтар мен аштыққа төзген балалар мен жасөспірімдер қысы-жазы ересектермен тең дәрежеде жұмыс істеді. Бірақ олардың барлығының бұл соғыста қандай жағдай болмасын жеңу деген бір мақсаты болды. «Барлығы майдан үшін! Барлығы жеңіс үшін!» - соғыс жылдарының басты ұраны. Балалар мен жасөспірімдер бұл қасиетті іске өз үлестерін қосты.
«Ал нанды біз 1954 жылы - тың игеру кезінде тойып жегенбіз», - деп еске алады Раиса Леонтьевна.
Есейгеннен кейін Раиса Гавриленко көптеген жылдар бойы пошташы болып жұмыс істеді. Содан кейін ол құрметті зейнетке шықты. Қазір Көкшетауда тұрады. Оның ұлдары жақын жерде, қолдау көрсетіп көмекке келеді. ұлы Анатолийдің айтуынша, Раиса Леонтьевна саябақта серуендегенді, балалардың ойнап-күліп жүргенін ұнатады.
Жылы кездесу соңында Раиса Леонтьевна қонақтарға қамқорлығы үшін алғысын білдіріп, барша қазақстандықтарға бейбітшілік пен амандық тіледі.