Ақмола облысының дамуындағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің рөлі талқыланды

Ақмола облысының дамуындағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің рөлі талқыланды

Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде өңірде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін (ТжКБ) дамыту мәселелеріне арналған мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен көшпелі отырысы өтті.

Облыстық мәслихат депутаттары мен білім беру саласының өкілдері еңбек нарығының білікті мамандар мен жұмысшы кадрларға өсіп келе жатқан қажеттілігін ескере отырып, ТжКБ жүйесін жетілдірудің басым бағыттарын талқылады.

Отырысқа қатысушылар Красный Яр ауылының көпсалалы инновациялық колледжінде болып, оқу процесі мен материалдық-техникалық базасымен танысты. Отырыста депутаттардың назары кадрларды мақсатты даярлау, студенттерді практикалық оқыту және колледж ғимараттарын күрделі жөндеу қажеттілігі мәселелеріне аударылды.

Әріптестіктің сәтті мысалдарының бірі колледждің «Агро Строй» ЖК басшысы және Біржан сал аудандық мәслихат депутаты Сергей Швецовпен ынтымақтастық тәжірибесі болды. Болашақ механизаторлар жыл сайын оның ауылшаруашылық кәсіпорнында тәжірибеден өтеді. Біржан сал ауданы Макинка ауылының тумасы Сергей Васильевичке ауылда кадрларды ұстап қалу өте маңызды. Осы себеппен және депутат, «АУЫЛ» партиясы Ақмола филиалының басшысы Аяпбергенованың қолдауымен ауыл мектебі, колледж және аграрий арасында Макинка ауылында агрокласс ашу туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

Отырысқа қатысушылар жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды кеңейтудің, дуальды оқытуды дамытудың және өңірдің орнықты әлеуметтік-экономикалық өсуі үшін жастардың кәсіби даярлығының сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.