Депутаттар студенттердің еңбек маусымын ашты

Депутаттар студенттердің еңбек маусымын ашты

Облыстық мәслихат депутаттары Красный яр ауылының көпсалалы инновациялық колледжі механизаторлық жасағының жаңа еңбек маусымының салтанатты ашылуына қатысты. Іс-шараны осы форматта өткізуге облыстық мәслихат депутаты, «Ауыл» партиясының Ақмола филиалының басшысы Анар Аяпбергенова бастамашы болды.

Депутат Аяпбергенованың айтуынша, депутаттардың, оқу орындары мен кәсіпкерлердің іс-қимылын үйлестіру кадрларды сапалы даярлау және олардың экономика қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қажет.

«Еңбек маусымы–2025» іс-шарасында облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Саят Сыздықов, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов, Біржан сал аудандық мәслихат депутаты, ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкер Сергей Швецов, сондай-ақ, Каким Нұрбол және Болдиков Владимир колледж студенттері құттықтау сөз сөйледі.

«Еңбек маусымы» - студенттердің еңбек нарығына шығуының бастамасы, бұл студенттерге ауылшаруашылық техникасымен танысуға, білім алуға және далада жұмыс істеу арқылы әртүрлі дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

Маусымның ашылуы барысында болашақ механизаторлар депутаттармен және іс-шараның басқа қонақтарымен бірге «Еңбек аллеясына» ағаш отырғызды.

Колледждегі экскурсия кезінде қонақтар оқу орнының ауылшаруашылық техникасымен танысып, олардың жұмыс принциптерімен танысты.
Сонымен қатар, қонақтар «Жас маман» жобасы аясында жабдықталған «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша арнайы жабдықталған кабинеттерге барды.

Айта кетейік, Красный Яр ауылының көпсалалы инновациялық колледжі өңіріміздің ауыл шаруашылығы секторының қажеттіліктеріне сәйкес мамандар даярлайды.