Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы азаматтарды жеке қабылдады

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы азаматтарды жеке қабылдады

 Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде депутат, облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов азаматтарды қабылдады.

 

Тұрғындар тұрғын үйге кезекке тұру, қайта жаңартудан кейін телефон байланысы мен интернетті қалпына келтіру мәселелерімен жүгінді.

 

Жеке қабылдауға тұрғын үй инспекциясы және тұрғын үй қатынастары бөлімінің өкілі де қатысты, ол есепке қою ережелерін түсіндіріп, қазіргі жағдай туралы айтып берді.

 

Азаматтардың өтініштерін тыңдап, Төраға толық жауаптар мен тиісті тапсырмалар берді.