Проблемалық мәселелер талқыланды

Проблемалық мәселелер талқыланды

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Саят Сыздықов Біржан сал аудандық  мәслихатының төрайымы Нұргүл Қуатовамен бірге Макинка ауылындағы «Мейірім» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды.

Коммуналдық мемлекеттік мекеме 1989 жылдан бері жұмыс істейді және 82 қызмет алушыға арналған.  Бүгінгі таңда онда 81 адам тұрады. Оның 65-і – қарт адамдар, 31-і – әртүрлі жастағы мүгедектер.

Орталық басшылығымен әңгіме барысында Саят Төлегенұлы проблемалық мәселелерді, оның ішінде күрделі жөндеу немесе жаңа типтік ғимараттың құрылысын қайта бастау қажеттігін талқылады.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі