Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!  Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттық корпусының атынан сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Күн сайын арамызда адамзат тарихындағы ең қанды соғыстың қатысушылары азайып бара жатыр. Қазақстандықтар, олардың ішінде Ақмола өңірінінің тұрғындары Кеңес Одағының барлық тұрғындарымен қатар жоғары патриотизм, батырлық пен табандылық танытып, Жеңіске елеулі үлес қосты.  Майданда және тылда, өздерін аямай, үлкен қиындықтарды жеңе отырып, біздің отандастарымыз соғыс жылдарындағы және соғыстан кейінгі құлдыраудың барлық ауыртпалықтарын толық сезініп, өздерінің азаматтық міндеттерін абыроймен орындады.

Қанша уақыт өтсе де, біздің халқымыздың  бұл соғыстағы қаһармандық ерлігі  маңызын ешқашан жоғалтпайды.  Жеңіс күні ең жарқын, қымбат және сүйікті халық мерекелерінің бірі болып қала береді.

Бұл мереке жадымызда болашағымыз бен азаттығымыз үшін,  балаларымыз бен немере-шөберелеріміздің бейбіт өмірі үшін жанын қиған,  отандастарымыздың жарқын ерлігі туралы естелікті нығайта берсін.

Барша ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр, бақыт пен амандық тілеймін. Әрқашан жақындарыңыздың сүйіспеншілігі мен қамқорлығына, жан жылуы және назарына бөленетін болыңыздар. Өткенімізге деген ризашылық баршамызды жаңа соғыстарға, жауыздыққа қарсы, ізгілік пен адамгершілік мұраттары жолында біріктіре берсін, республикамыздың аспаны әрқашан ашық болсын! Жеңіс күні құтты болсын!

 

Бейбіт Жүсіпов,

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы