«Таза Қазақстан» акциясы аясында

«Таза Қазақстан» акциясы аясында

Ақмола облыстық және Көкшетау қалалық мәслихаттары республикалық  «Таза Қазақстан» акциясы аясында Абай көшесіндегі аллеяда бірлескен «таза бейсенбілік» өткізді. Бұрын флагшток орналасқан аумақ көктемгі еріген сулардан кейін апатты жағдайда.

Депутаттар Марат Қойшыбаев, Анар Аяпбергенова, Нұрлан Жаров, Саят Сыздықов, Құралай Жұмабекова, сондай-ақ облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері аллеяны жинауға белсенді қатысты.