Депутаттың қосқан үлесі атап өтілді

Депутаттың қосқан үлесі атап өтілді

Экономика және бюджет  сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Марат Қойшыбаев Ақмола облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты Анатолий Иванович Томиловты 75 жылдық мерейтойымен құттықтады.

 Мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен бүкіл депутаттық корпустың атынан мерейтой иесіне алғыс хатын табыстай отыра, Марат Советұлы Степногорск қаласы мен бүкіл Ақмола облысының игілігі үшін көп жылдық жемісті еңбегі, өкілді билік органдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ризашылығын білдірді.

«Техник-монтажшы» мамандығы бойынша Челябинск монтаж техникумының түлегі әскерде қызмет өткеннен кейін Қорған машина жасау институтында оқып, Қорған аспап жасау зауытының аға инженері лауазымында жұмыс істеді. 1977 жылдан бастап Степногорск қаласына көшіп, А.И.Томилов №16 тау-кен өңдеу зауытында тәжірибелік қызметін жалғастырды. Шебер ретінде бастап, Степногорск подшипник зауытының бас директорына дейін өсті. Жабдықтарды салуға, монтаждауға, құрал-саймандар цехын, автоматты тегістеу желілері цехын, соғу-штамптау цехын іске қосуға және өндірісті ұйымдастыруға тікелей қатысты.

Қазіргі уақытта кәсіпорын өнімдері тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар көптеген ТМД елдерінде және алыс шетелдерде де сұранысқа ие. Кәсіпорын жыл сайын конкурстарға қатысып, ҚР Президенті мен Үкіметінен және халықаралық ұйымдардан «Алтын сапа», «Сала көшбасшысы» сапа саласындағы жетістіктері үшін марапаттар алуда.

Зауыт үшін ең қиын кезеңдерде А. И. Томилов кәсіпорынның кадрлық әлеуеті мен материалдық-техникалық базасын сақтай алды, бұл қазіргі уақытта зауыт ұжымына қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік беріп отыр.

Анатолий Иванович төрт шақырылымдағы облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланып, Степногорск қаласы мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Анатолий Томиловтың  еңбегі жоғары бағаланған: ол «Құрмет» орденінің, салалық наградаларының, «Степногорск қаласының Құрметті азаматы» атағының иегері.

Жақында Анатолий Ивановичтің әріптестері, Қазақстандағы да, жақын шетелдегі достары жиналып, мерейтомен құттықтап, лайықты демалысқа шығарып салды.