Жастарға қолдау көрсетті

Жастарға қолдау көрсетті

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Умар Шоназаров «Жасыл аймақ»  челленджін қолдап, жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірге қарағай көшеттерін отырғызуға қатысты.

Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды.  Жергілікті жоғары оқу орындары мен колледждердің жүзден астам студенті Зеренді трассасы бойындағы 2 гектар жерге  900-ге жуық көшет отырғызды.