Инклюзивті білім беру мәселелері басты назарда

Инклюзивті білім беру мәселелері басты назарда

Соңғы жұмыс сапарларының қорытындысы бойынша ҚР Парламенті Сенатының депутаты Талғат Жүнісов ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады. Бұл сауалда  инклюзивті білім берумен байланысты мәселелер, оның ішінде Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы ретінде қатысқан бірқатар қалалық мамандандырылған мектептерді аралау барысында айтылған мәселелер келтірілді.

2023 жылдан бастап Сенат облыстар мен қалалардың мәслихаттарымен тығыз жұмыс жасауда, мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары онлайн режимде әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырыстарына қатысып отырады. Бұл біз үшін өз ұсыныстарымыз бен сұрауларымызды сенаторларға тікелей жеткізуге тамаша мүмкіндік.

Талғат Тұрлыбекұлы өзінің депутаттық сауалында басқа әріптестерімен бірге Премьер-министрден бірқатар мәселелерді шешуге жәрдемдесуді сұрады. 

Бірінші: республикалық бюджетті нақтылау кезінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын іске асыратын арнайы білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің жалақысын ұлғайту.  Екінші: медициналық-әлеуметтік мекемелерде жұмыс істейтін және әлеуметтік қорғау жүйесінде білім беру, түзету және балаларды тәрбиелеуді жүзеге асыратын мұғалімдерге «Педагог мәртебесі туралы» Заңға сәйкес мәртебе беру. Үшінші: арнайы мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептер санын кезең-кезеңімен ұлғайту, олардың жабдықталу деңгейін арттыру, сондай-ақ осы білім беру мекемелері үшін кадрлар даярлауды қамтамасыз ету.

Арнаулы білім беру ұйымдарының, оның ішінде оңалту орталықтарының тәрбиешілеріне қосымша ақының болмауы – республика деңгейіндегі  сұрақ.

Халық қалаулыларының әлеуметтік нысандарға мұндай сапарлары және ұжымдармен әңгімелесу жергілікті мәселелер туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.

Белгілі болғандай, Көкшетау қаласындағы №1 арнайы түзету мектеп-интернатын кеңейту қажет.  Оқу орнының директоры Ольга Бурдинскаяның айтуынша, мектеп оқушыларының интеллектуалды жетіспеушілігі көп жағдайда ДЦП ауруы, мінез-құлықтың, аутизм спектрінің бұзылуы, коммуникативті дағдылардың қалыптаспауы сияқты күрделі бұзылулармен қиындайды.

Соңғы жылдары интеллекті бұзылған балалар санының арту үрдісі байқалғандықтан, мектеп контингенті де артып келеді. Салыстыру үшін: 2017 жылы түзету мектеп-интернатында 254 оқушы, 2021 жылы – 315 оқыды, қазіргі уақытта 346 бала оқиды.

2021-2022 оқу жылының басында сыныптарды жинақтау кезінде мектеп СанПИН нормаларын бұзбай, оқушылардың рұқсат етілген толымдылығы бар сынып жиынтықтарын орналастыруға арналған үй-жайлардың тапшылығына тап болды. Нәтижесінде, бүгінгі таңда мектеп-интернат оқушыларының көп санын қабылдай алмайды, ал қажеттілік бар. Облыстық және ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысы бойынша аталған бұзушылықтары бар балалардық келуі жалғасуда.          Аутизм спектрінің бұзылуы, интеллектуалдық даму бұзылыстарының ауырлауы, тірек-қимыл аппаратының, көру, есту, сөйлеудің біріктірілген бұзылыстары сияқты инклюзивті білім беруге жатпайтын дамуының ауыр бұзылулары бар балалар санының ұлғаюына байланысты 3-4 жастан бастап бүлдіршіндерді ерте түзету бойынша шаралар қабылдау қажет.

Бүгінгі таңда интернат 5-6 жастан бастап балаларды қабылдап, мектепте оқуға дайындыққа баса назар аударып, ерте жастағы балаларды қабылдауды шектейді. Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды оқыту мониторингі негізінде берілетін ПМПК қорытындылары бойынша балалардың саны өсуде.

80 орындық мектеп-интернатқа қосымша оқу корпусын салу ерте жастағы дамуында ауыр кемістігі бар балаларға уақтылы түзету көмегін көрсетуге мүмкіндік беріп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың компенсаторлық мүмкіндіктерін жандандырады.

Ольга Бурдинская хабарлағандай, бүгінгі күні қосымша корпус салу үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Көкшетау қаласындағы №1 арнайы мектеп-интернатқа қосымша құрылыс салу үшін қажетті шығыстар сомасы -1 460 698,4 мың теңге.

Осыған байланысты Сенат депутаты Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісовке осы жобаны қолдауды және мәселені республикалық деңгейде ілгерілетуге жәрдемдесуді сұрап ресми хат жолдадым.

Сонымен қатар, инклюзивті білім беруді дамыту мәселелері Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында барлық мүдделі құрылымдарды шақыра отырып қаралатын болады. Бұл біздің комиссия жұмысының маңызды бағыттарының бірі.

Айнагүл Балташева,

Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік  сұрақтар жөніндегі

тұрақты комиссиясының төрайымы