Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Ғалымхан Саханов Атбасар аудандық мәслихатының депутаттары Р. Досмұханов, М. Қозбағаровпен бірге «ХПП Лана» және «Нан Абройы» ЖШС астық қабылдау кәсіпорындарына барды.
Ағымдағы жылғы дәнді дақылдар өнімінің сапасын бағалау, сондай-ақ оны кептіру бойынша мәселелерді талқылады. Ғалымхан Бәнияшімұлы астық сапасын зертханалық зерттеулердің ашықтығы үшін зертхана пункттерінде жеке кабинеттің ашылуы туралы мәселе көтерді.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егін жинау алаңдарын бақылауды жүзеге асыру, қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардың салдарынан туындайтын проблемалық мәселелерді қарау жөніндегі арнайы топ құрылды. Топ құрамында облыстық мәслихатының депутаты Ғ. Саханов бар. Жұмыс тобы элеваторлар мен астық өндірушілер арасында туындауы мүмкін проблемалық мәселелерді шешуге бағытталған.