Саят Сыздықовтың төрағалығымен сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс отырысы өтті.
Комиссия төрағасы С. Сыздықов атап өткендей, алда үлкен жұмыс күтіп тұр, аграрлық салада көптеген проблемалар бар, инновацияларды енгізу бойынша да сұрақтар аз емес. Сондықтан комиссия құрамына ауыл шаруашылығымен және өндіріспен тікелей айналысатындар кірді: Әбілқайыр Ошақбаев, Тимур Пшенов, Абай Жорабек, Бекім Әкімов, Владимир Камышанский, Марат Оразалин. Комиссия төрағасының орынбасары болып бірауыздан Анар Аяпбергенова сайланды.
Ветеринария басқармасының ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі, Ақмола облысында өсімдік шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемін ұлғайту, шағын қалалардың жай-күйі мен даму перспективалары – комиссия мүшелері осы және басқа да өзекті мәселелерді өз отырыстарында қарауға ниетті.