Су қазір қажет

Су қазір қажет

Жұмыс сапары аясында мәслихат хатшысы Талғат Жүнісов Ш.Рахымжанов ат. орталық саябаққа және Шортанды кентіндегі 2021 жылы жөндеуден өткен стадионға барды. Қайта құруға облыстық бюджеттен 103 487 924 теңге жұмсалды, жұмыстарды «Байсын-А» ЖШС орындады.

Кентте Киевская көшесіндегі жазғы су құбырын күрделі жөндеу басталды. Жобаның тұсаукесерін қонақтар үшін кент әкімі Мамбет Цэрэг және «Медина-Құрылыс» ЖШС басшысы Динара Қуатбаева өткізді. Жұмыс құны 23 млн 296 мың теңге, тапсыру мерзімі – тамыз, нысанда 16 адам жұмыс жасауда. Өз тарапынан  Талғат Тұрлыбекұлы жұмысты қарқындатуды сұрады, өйткені қазір ауыл тұрғындарына көкөніс бақшаларын суару үшін су қажет. Мердігер орнатуды шілде айында аяқтауға тырысамын деп уәде берді