Қалдықсыз өндіріс

Қалдықсыз өндіріс

Шортанды кентінде облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов әріптестерімен бірге бірқатар нысандарды аралады.

«Полимер Пласт» ЖШС полиэтилен үлдірін, логотиптері бар пакеттерді, қаптама материалдарын шығарумен айналысады және оларды елордада және жақын аудандарда сатады.

Кәсіпорын директоры Қайрат Қасенғалиев айтып өткендей, жобаны жүзеге асыру 2013 жылы Индустрияландыру картасы аясында басталды.  Қуаттылығы - жылына 1200 тоннаға дейін, бүгінде мұнда 35 адам еңбек етеді. Шикізат Ресей мен Кореядан сатып алынады, өндіріс қалдықсыз, өйткені бүлінгендері және пайдаланылған өнімдер үгінділерге өңделеді және қоқыс пакеттерін жасау үшін қолданылады.

Шортанды аудандық орталық ауруханасы 1976 жылы салынды, емхана бір ауысымда 300 келушіге, ал стационар – 52 төсекке есептелген. 2019 жылы балалар бөлімшесі жөнделді, 2021 жылы Степное және Научный кенттеріне қызмет көрсететін бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дала дәрігерлік амбулаториясы пайдалануға берілді. Қазір аурухананың ғимараты, оның ішінде шаруашылық блок жөндеуді қажет етеді. Медициналық мекеме бас дәрігерінің м.а. Райхан Иманбаеваның айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік сараптаманың ЖСҚ бар.

Медицина қызметкерлері облыстық мәслихат хатшысы мен депутаттарынан қаражат бөлу процесін жеделдетуді және көмек көрсетуді сұрады.