Шағын ауыл үшін жақсы қолдау

Шағын ауыл үшін жақсы қолдау

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов жұмыс сапарымен Шортанды ауданында болып,  аудандық мәслихаттың хатшысы Гүлнұр Сәдуақасова мен облыстық мәслихаттың депутаты Ирина Жуковамен бірге бірқатар әлеуметтік және коммерциялық нысандардың жұмысымен танысты.

Бектау ауылындағы инвестициялық жоба туралы «Кирп Газ» ЖШС директоры Жомарт Рабиев айтып берді. Салынып жатқан кәсіпорынның қуаттылығы – ауысымына шамамен 64 мың кірпіш. 2020 жылы жалпы сомасы 48 млн теңгеге жабдықтар сатып алынды, бүгінгі күні жобаның дайындығы 70 %, өндірісті іске қосу ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында жоспарланып отыр. Компанияға шамамен 35 қызметкер қажет болады. ЖШС басшысы сендіргендей, олар жергілікті тұрғындар арасынан жұмысшылар жинамақ.  Шағын ауыл үшін бұл жақсы қолдау болатыны сөзсіз.

Талғат Тұрлдыбекұлы өз тарапынан қазірден бастап қызметкерлерге арналған әлеуметтік пакетті ойластырып, штатты кеңейту жолдарын іздеуді ұсынды. Ол үшін болашақта мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалануға болатынын ескертті.