Ауқымды жұмыстар үздіксіз жүргізіліп жатыр

Ауқымды жұмыстар үздіксіз жүргізіліп жатыр

Кеше Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов Қоғамдық кеңестің төрағасы Ермек Нұғмановпен және қалалық мәслихаттың хатшысы Рүстем Қалышевпен бірге жұмыс сапарымен қаланың басты қазандығы – РК-2-ға барды.

Жылумен жабдықтау кәсіпорнының 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы жақында Қоғамдық кеңестің отырысында тыңдалады, сондықтан олар компанияның жұмысымен танысып, жаңа жылыту маусымына дайындық қалай жүріп жатқанын көруді шешті.

«Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК бас директоры, қалалық мәслихат депутаты Руслан Мақышев кәсіпорынның ең күрделі проблемаларын, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары жайлы айтып берді. Сонымен қатар, облыс әкімі Ермек Маржықпаевтің қолдауының арқасында бюджеттен қазандықты дайындауға  қажетті барлық қаражат бөлінгенін атап өтті. Жекелеген жабдықты, қазандықтар мен сүзгілерді ауыстыру, сондай-ақ басқа да құрамды бөлшектерді жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар үздіксіз жүргізіліп жатыр. Көмір қоры да бар. Осы кесте бойынша барлық жоспарланған жұмыстар уақытында аяқталуы тиіс. Жылыту маусымы қиындықсыз өтеді, деп сендірді Р.Мақышев.

Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Асқар Нұрмағанбетов кәсіпорынның қалыпты дамуына кедергі келтіретін ең ауыр нүктелерге: жылуға төленетін төмен өтемдік тарифке, көмір, мазут, электр энергиясы, металл, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары құнының тұрақты өсуіне баса назар аудара отырып, 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі жағдайды талдаған бағдарламаны таныстырды.

Барлық қиындықтарға, соның ішінде кадрлардың үлкен тапшылығына (жүзге жуық маман қажет) қарамастан, компания өткен жылыту маусымын елеулі іркіліссіз өткізді, алдағы жаңа маусымда да табысты жұмыс жүргізуге үміттенеді.

Талғат Тұрлыбекұлы мен Ермек Бекенұлы кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлеріне атқарылып жатқан жұмысты толықтай жүзеге асыруға сәттілік тіледі.