Мерейтойлық медалімен марапаттады

Мерейтойлық медалімен марапаттады

24 маусымда Қазақстан сот жүйесінің қызметкерлері алғаш рет өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. Мерекелік күндер күнтізбесінде ол ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес биыл пайда болды.

Бұл мереке сот билігі органдарындағы күнделікті қажырлы еңбегімен заңдылық, әділеттілік, гуманизм және адам құқықтарын қорғау үшін сот ісін жүргізудің үздік дәстүрлерін сақтап, көбейтетіндердің барлығын біріктіреді.

Бүгін Ақмола облыстық сотында салтанатты іс-шара өтті. Онда Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов «Қазақстан Республикасының сот жүйесіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

«Мен өңірдің депутаттық корпусын атап өткеніне өте ризамын. Ақмола облысының судьялары мен сот жүйесі қызметкерлерін мерекемен шын жүректен құттықтаймын, зор денсаулық, амандық, бейбітшілік, тұрақтылық және Қазақстанның гүлденуі жолында кәсіби табыстар тілеймін!», ­­- деп бөлісті Талғат Тұрлыбекұлы.