Жаңа биіктерге қол жеткізіп...

Жаңа биіктерге қол жеткізіп...

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов мемлекеттік қызметші күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. «Болашақ сарайындағы» салтанатты жиын облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен өтті.

Өңірдің бірқатар мемлекеттік қызметкерлері ҚР Президентінің, облыс әкімінің, «AMANAT» партиясының, Мемлекеттік қызмет істері департаментінің алғыс хаттарын, «Үздік мемлекет қызметкері» төс белгілерін алды. Марапатталғандардың ішінде облыстық мәслихатының бас инспекторы Жанна Ысқакова бар, оған «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысының алғыс хаты тыбасталды. Іс-шараға қатысушылардың назарына керемет концерттік бағдарлама ұсынылды.

«Мен өңірдің барлық мемлекеттік қызметшілерін мерекемен құттықтаймын, ауыр еңбекте үлкен табыс, жаңа биіктерге қол жеткізіп, зор денсаулық пен амандық тілеймін! Өңірдің мемлекеттік аппараты өзіне жүктелген міндеттерді одан әрі абыроймен атқарып, халықтың игілігі үшін еңбек ететініне сенімдімін», – деп бөлісті Талғат Тұрлыбекұлы.