Ауыл тұрғындарының тілектерін естен шығармай

Ауыл тұрғындарының тілектерін естен шығармай

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы  Талғат Жүнісов жұмыс сапарымен Бұланды ауданында болып, бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың, шағын және ірі бизнес кәсіпорындарының жұмысымен танысты.

Никольское ауылында су құбыры желілерін қайта құру жүріп жатыр. Құны 569,819 млн. теңге болатын жоба «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда, желілердің ұзындығы 41 км. «Монолит» ЖШС мердігерлік компаниясының өкілдері айтып өткендей, бүгінгі таңда ауыл ішінде құбырлар салынуда, материалдардың бір бөлігі сатып алынды. Талғат Тұрлыбекұлы  өз тарапынан ауыл тұрғындарының тілектерін естен шығармай, жұмыстың мерзімі мен сапасын сақтау қажеттігіне назар аударды.

Данилов ауылдық округінің Алтынды ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктінің жұмысымен танысты.

«Бастау» ЖК арболит блоктарын өндірумен, сүректі қайта өңдеумен айналысады. Әзірге мұнда тек бес адам жұмыс істейді. Директор А.Нұрмағанбетов хабарлағандай, кәсіпорын «Бизнестің жол картасы-2020» аясында мемлекеттік қолдауға ие болды.

 «Макинск жылу оқшаулағыш зауыты» ЖШС базальт негізінде жылу оқшаулағыш материалдар шығарады, зауыт 2019 жылдың тамыз айында жұмысын қайта бастады және әзірге жобалық қуаттың 75%-ында жұмыс істейді. Мұнда 190 адам еңбек етеді.

Кәсіпорын басшыларымен әңгімелесу барысында Талғат Тұрлыбекұлы қызметкерлердің құқықтарын, қауіпсіздік техникасын сақтау, қолайлы жағдайлар жасау және қосымша жұмыс орындарын құру қажеттігіне назар аударды. Оның үстіне мемлекет «Бизнестің жол картасы-2025» шеңберінде қолдаудың жаңа нысандарын ұсынады. Бұл шаралардың барлығы «Өзгеріс жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында да жазылған.