Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Құрметті ішкі істер органдарының  қызметкерлері мен ардагерлері!

Ақмола облысының депутаттық корпусы атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен және Қазақстан полициясының 30 жылдығымен құттықтаймын.

Сіздерге мінсіз қызметтеріңіз, өз Отанына деген адалдықтарыңыз үшін терең ризашылық сөздерін айтқым келеді, ардагерлерге құрмет көрсетіп, қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін құрбан еткендерді еске алғым келеді.

Осы 30 жыл ішінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары реформалаудың бірнеше кезеңінен өтті, материалдық-техникалық база,  күшейіп,  қәсіби деңгей өсіп, тәртіп сақшылары арасында моральдық ахуал нығайды. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, ең күрделі қылмыстарды әшкерелеу арқылы мемлекетіміздің дамуына баға жетпес үлес қосады.

Сіздерге адал қызмет еткендеріңізге, таңдаған мамандығыңызға берік болғандарыңыз және заңға мінсіз қызмет еткендеріңіз үшін шын жүректен алғысымды айтамын. Жүктелген кәсіби міндеттерді, олардың бірі – адамдардың сенімін лайықты орындалуын, қажырлы еңбегіңізге табыс, мықты денсаулық және отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Талғат Жүнісов,

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.