Құрметті мемлекеттік қызметкерлер!

Құрметті мемлекеттік қызметкерлер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет тиімді және кәсіби мемлекеттік қызмет негізінде ғана жетістікке жете алады. Мемлекеттік қызметшілердің тәжірибесіне, қайсарлығына, сондай-ақ кәсіби және жеке қасиеттеріне ұлттық жобалар мен бағдарламаларды іске асырудың жетістігі көп жағдайда байланысты болады.

Атқарушы және өкілетті билік органдарының бірлескен күш-жігерімен әлеуметтік бағдарлы мемлекетті одан әрі дамытатын, еліміздің беделін нығайтатын боламыз деп кәміл сенемін.

Осы жауапты қызметте тиімді жұмыс, мемлекет алға қойған маңызды міндеттерді шешуде үлкен табыстар, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін.  Еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағалансын. Сіздерге үлкен шыдамдылық, мықты денсаулық, туыстарыңыз бен жақындарыңыздын амандығын тілеймін. Мереке құтты болсын!

 

 Талғат Жүнісов,

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.