Балалардың жазғы демалысы. Абайсыздыққа жол жоқ

Балалардың жазғы демалысы. Абайсыздыққа жол жоқ

Ғалым Бекмағамбетовтың төрағалығымен өткен  Ақмола облыстық мәслихатының экономика, бюджет және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында балалардың жазғы демалысы мәселелері қаралды.

Мектеп демалысы басталып кетті, көптеген балалар сауықтыру орталықтарында бірінші маусым басталды, бірақ келесі жылы жүйелі сипаттағы мәселелерді болдырмас үшін оларды зерттеп, қарастыру қажет.

Ақмола облысы оқушыларының сауықтыру демалысын ұйымдастыру, оларды жазғы кезеңде қамту туралы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова айтып берді. Оның ақпараты бойынша, оқушылардың қала сыртындағы демалысы 15 БСО (10 мемлекеттік, 5 жеке меншік) базасында ұйымдастырылған. Жалпы жобалық қуаттылығы 15 қала сыртындағы лагерь – 2330 орын (1350 орын – мемлекеттік БСО). Жаз бойы ұзақтығы 7-10 күн болатын 6 ауысым ұйымдастырылады. Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдаманың орташа құны 25-75 мың теңгені, жеке меншік мектепке 75-90 мың теңгені құрайды.

«Қазіргі уақытта 133 мың оқушының 15379-ы халықтың әлеуметтік осал топтарынан, 343-і ювеналды полиция есебінде, 139-ы мектепішілік есепте, 838-і қолайсыз отбасыларда тәрбиеленуде. Осылайша, қауіп аймағында 17 мыңға жуық бала және бірінші кезекте жазғы кезеңде демалыс және қамту іс- шараларымен қамтылады», - деп атап өтті Ботакөз Балапайқызы. Жаз бойы тұрақты эпидемиологиялық жағдай кезінде облыстың қала сыртындағы лагерьлерінде 11 мыңға жуық ақмолалық оқушыны қамту жоспарланғанып отыр. Оның 1475-і тегін демалатын болады, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға «Жаппай оқыту» қорынан жолдама сатып алуға 84 млн теңге бөлінді.

Қосымша жаз мезгілінде «Балдәурен» республикалық орталығының филиалдарына облыстың 450 оқушысы келеді. Сенімгерлік басқарушымен жасалған шарт аясында 9 маусымнан бастап әлеуметтік осал топтардағы 180 бала «Звездный» БСО базасында сауықтырылады. Бір жарым мыңнан астам бала қала сыртындағы лагерьлерде салалық кәсіподақтар арқылы, 7 мыңға жуығы ата-аналар есебінен демалатын болады.

Инфрақұрылымға қатысты. Ақмола облысының лагерлері 20 ғасырдың 80-90 жылдары пайдалануға берілді. 10 мемлекеттік БСО-ның 4-уі апатты жағдайда, ақау актілері бар: Айыртау ауданының «Сокол», Жарқайың ауданының «Ақ қайың», Сандықтау ауданының «Ручеек», Біржан сал ат.ауданның «Балауса» БСО.

Комиссия мүшелерінің пікірінше, БСО-ға қатысты жағдай жүйелі тәсілді талап етеді, бұл мәселеге немқұрайлылықпен, үстірт қарауға болмайды, қолданыстағы инфрақұрылым біртіндеп тозығы жетіп келеді, сондықтан міндет ­­­-- бар объектілерді сақтап қана қоймай, олардың болашақ тағдырын ойластыру, перспективаларын қарастыру болып табылады.

Жеке меншік БСО-да жұмыс істейтін персоналды даярлау бойынша да мәселелер бар, біз балаларымызды кімге сеніп тапсыратынымызды нақты білуіміз қажет, бұл сәтті де назардан тыс қалдыруға болмайды», - деді Ғ.Бекмағамбетов.

Қала сыртындағы БСО-дан басқа, жаз бойы тамақтанумен 226 мектеп жанындағы лагері және тамақтанумен 384 мектеп жанындағы алаңдар балалармен жұмыс істейтін болады. Шатырларда, киіз үйлерде, өлкетану жорықтары, экскурсиялар жазғы демалыстың аз шығынды түрлері де қарастырылған.

Мәдениет басқармасының бас маманы Жаңыл Әлтекова, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшыларының орынбасарлары Шолпан Рахматуллина мен Андрей Подгурский каникул кезінде балалардың бос уақытын ұйымдастыру үшін қандай іс-шаралар жүзеге асырылып жатқаны туралы айтып берді.

Жазда оқушылар үшін өлкетану жорықтары мен экскурсиялар, шатыр лагерьлері, этнолагерьлер ұйымдастырылады. «Болашақ сарайы» инновациялық орталығының базасында бағдарламалау, биотехнология, экология және басқа да пәндер бойынша облыс оқушыларының қатысуымен жазғы мектеп ұйымдастырылады. Апта бойы балалар инновациялық зертханаларда, бірегей жабдықтарда практикалық жұмыс жүргізеді. Бос уақытында олар үшін бассейнге бару, Көкшетау мұражайлары мен театрларына экскурсия ұйымдастырылады.

 Жаз бойы 200 жас тарихшы мен өлкетанушы ғалым-археологтармен бірлесіп Жақсы және Зеренді аудандарындағы Ботай мәдениеті кезеңіндегі археологиялық қазба жұмыстарына қатысады. Қала оқушылары үшін бесінші жыл қатарынан «Ауылдағы апта» жобасы іске асырылуда. Осы жазда олар Ерейментау ауданының киелі жерлерімен танысып, «Бұйратау» МҰТП-на барады.

Наурыз айынан бастап облыста ауылдық жерлердегі балаларға арналған облыстың киелі жерлеріне, мұражайларға және мәдени-демалыс орындарына бару бойынша «Тіршілік сабақтары» жобасы жұмыс істей бастады. Мамыр айында 150 оқушы «Астана-опера» театрына барды. Маусым-шілде айларында Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының тарихи-мәдени орындарына бір күндік экскурсиялар өткізіледі.

Комиссия мүшелерінің пікірінше, балалар демалысын ұйымдастыруға тек білім беру жүйесі ғана емес, кәсіпкерлік және туризм басқармасы да балаларға арналған арзан турпакеттерді ойластыру үшін осы жұмысқа қосылғаны жақсы болар еді. Депутаттар, комиссия мүшелері Омар Шоназаров, Елена Мащинская, Павел Безвербный өз мәселелері мен ұсыныстарын айтты.

Талқыланған тақырыпты қорытындылай келе, комиссия төрағасы Ғ.Бекмағамбетов «Жаппай оқыту» арқылы бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылауды күшейту, қолда бар материалдық-техникалық базаны сақтау және нығайту тетіктерін ойластыру қажеттігін атап өтті. Туризм басқармасы жұмысты жоспарлау кезінде балалар демалысын бөлек ұйымдастыру бойынша жобалар әзірлеуді ұсынды. Жұмыстың тиімділігі, мұражайларға, кітапханаларға, спорт нысандарына бару, әсіресе демалыс уақытында барынша назар аударуды талап етеді, бұл ретте біз ерекше қажеттіліктері бар балаларды ұмытпауымыз керек.