
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Депутаттық корпус атынан баршаңызды Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстанатын, жаңа жетістіктерге ұмтылатын, бойына жігер, тәртіп пен мақсаткерлік қасиеттерді қалыптастыратын барша жандарды біріктіреді. Спорт - бұл тек жоғары нәтижелер мен жеңістер ғана емес, сонымен қатар денсаулық, қуат, өз күшіне деген сенім және үлкен команданың бір бөлігі болу мүмкіндігі.
Ақмола облысы өзінің спорттық дәстүрлерімен және дарынды жерлестерімен мақтанады. Біздің спортшыларымыз республикалық және халықаралық жарыстарда өңіріміздің намысын абыроймен қорғап, жоғары кәсіби шеберлігін, жеңіске деген жігерін және өз ісіне деген адалдығын көрсетіп келеді.
2025 жыл өңіріміз үшін айрықша табысты жыл болды. Ақмола облысының спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда 800-ге жуық медаль жеңіп алды. Ал тарихи жетістік ретінде Ақмола облысының құрамасы Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасында алғаш рет жалпы командалық есепте жеңіске жетіп, 29 медаль иеленді.
Жоғары жетістіктер спортын дамытумен қатар, бұқаралық спортқа да ерекше көңіл бөлінуде. Өйткені үлкен жеңістер кішкентай қадамнан – дене шынықтыру сабағынан, мектеп алаңынан, спорт секциясынан немесе ауладағы спорт алаңынан басталады. Дәл осы жерде белсенді өмір салтына деген дағды, мінез-құлық және алға қойған мақсаттарға жетуге деген ұмтылыс қалыптасады.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында елімізде спортпен айналысуға барша азаматқа, әсіресе балалар мен жастарға қолжетімді жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ақмола облысында спорт инфрақұрылымы дамып, қолданыстағы нысандар жаңартылып, жаңа спорттық объектілер бой көтеруде. Қалалар мен аудандарда дене шынықтыру және спортпен айналысуға арналған мүмкіндіктер кеңейіп келеді.
Осы мерекелі күні спортшыларға, жаттықтырушыларға, спорт ардагерлеріне, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне, спорт саласының қызметкерлеріне, спорт мектептерінің тәрбиеленушілеріне, ата-аналарға және дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосып жүрген барша спорт жанашырларына шынайы алғысымды білдіремін.
Баршаңызға зор денсаулық, мол күш-қуат, жаңа спорттық жетістіктер, жарқын жеңістер және өз күштеріңізге деген сенім тілеймін!
Бейбіт Жүсіпов,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы