Мәслихат төрағасының Астана күнімен құттықтауы

Мәслихат төрағасының Астана күнімен құттықтауы

Қадірлі жерлестер!

Депутаттық корпус атынан және өз атымнан баршаңызды Астана күнімен құттықтаймын!

Астана - Тәуелсіз Қазақстанның символы, ұлттық рухтың, ел бірлігі мен жарқын болашаққа деген сенімнің айқын көрінісі. Бірегей сәулетімен ерекшеленетін, қарқынды дамып келе жатқан заманауи мегаполис бүгінде еліміздің қоғамдық, саяси және мәдени өмірінің орталығына айналып, көпұлтты халқымыздың достығы мен келісімінің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.

Қысқа уақыт ішінде елордамыз мемлекеттің саяси және әкімшілік орталығы ғана емес, бүкіл халқымыздың мақтанышына айналды. Ол - Қазақстанның жасампаз рухын, болашаққа деген ұмтылысын және Тәуелсіз еліміздің зор мүмкіндіктерін айшықтайтын қала.

Әлемдік деңгейдегі маңызды іс-шаралардың өткізілуінің арқасында Астана халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылып, әлемдегі беделді бас қалалардың біріне айналды. Бұл еліміздің заманауи, ашық әрі бейбітсүйгіш мемлекет ретіндегі халықаралық беделінің нығаюына зор ықпал етуде.

Астана күні - барша қазақстандықтарды біріктіретін ерекше мереке. Бұл күн ел бірлігін, өсіп-өркендеуге, бақуатты әрі бейбіт өмірге деген ортақ ұмтылысты білдіреді. Елордамыздың қарқынды дамуы - бүкіл Қазақстанның тұрақты дамуының жарқын айғағы. Астана әрдайым жаңа жетістіктерге жігерлендіріп, халқымызды ортақ мақсатқа жұмылдырып, еліміздің одан әрі өркендеуінің берік тірегі бола берсін!

Елордамен іргелес орналасқан Ақмола облысы үшін Астананың дамуы ерекше маңызға ие. Өңіріміз елордамен экономикалық, әлеуметтік және еңбек байланыстары арқылы тығыз сабақтас. Күн сайын мыңдаған жерлестеріміз Астанада еңбек етіп, қаланың өсіп-өркендеуіне, тұрақтылығы мен әл-ауқатының артуына айтарлықтай үлес қосып келеді.

Осы айтулы мереке күні барлық Ақмола облысының тұрғындарына зор денсаулық, отбасыларына амандық, бақ-береке, ел тыныштығы мен татулық, туған өлкеміз бен Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін!

Бейбіт Жүсіпов,

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы