Қазақстанның жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты құттықтау

Қазақстанның жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты құттықтау

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттық корпусының атынан сіздерді Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы болып табылатын айтулы оқиға. Ата Заңымыз заң үстемдігін, демократиялық құндылықтарды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды одан әрі нығайтып, Әділетті Қазақстанды құруға берік негіз қалайды.

Конституцияны құрметтеу, әр азаматтың жауапкершілігі мен адал еңбегі халқымыздың бірлігін нығайтуға, мемлекетіміздің өркендеуіне және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға қызмет ететініне сенімдіміз.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, бейбіт өмір және толағай табыстар тілейміз! Еліміз әрдайым тұрақтылық пен келісім жолымен дамып, Конституциямыз халқымыздың игілігі жолындағы барлық игі бастамалардың берік тірегі болсын!

Б.Жүсіпов

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы