
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Депутаттық корпус атынан сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңға сәйкес 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.
Мемлекеттік рәміздер Конституциямен қатар тәуелсіз мемлекеттің маңызды белгілерінің бірі, елдің айрықша нышаны әрі ұлттық бірегейліктің көрінісі болып табылады. Олар мемлекеттілікті нығайтудың негізі және еліміздің дамуының ажырамас бөлігі саналады.
Бұл күн Қазақстан халқының бірлігі мен тәуелсіздігін нығайту жолында ерекше маңызға ие. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран - біздің ұлттық құндылығымыз, еліміздің тарихына, мәдениетіне, тілі мен дәстүріне деген құрметтің белгісі. Біз мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, олардың терең мағынасы мен қасиетті мәнін әрдайым жоғары бағалауымыз қажет.
Мемлекеттік рәміздер күні - еліміздің егемендігін нығайтудың, жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеудің және жарқын болашаққа ұмтылыстың айқын белгісі.
Осы айтулы күні еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосып жүрген әрбір Қазақстан азаматына шынайы алғысымызды білдіреміз. Әсіресе жастар мен ғылыми қауымдастыққа ерекше сенім артамыз. Сіздер - ұлтымыздың болашағысыздар. Білімге, жаңашылдыққа және биік жетістіктерге деген ұмтылыстарыңыз Қазақстанның ертеңін айқындайды.
Баршаңызға және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, амандық, еңбекте табыс, тұрақтылық пен Отанымыздың игілігі жолындағы өркендеу тілейміз!
Бейбіт Жүсіпов,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы