Депутаттар кәсіби және басқару құзыреттерін дамытуда

Депутаттар кәсіби және басқару құзыреттерін дамытуда

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары Ш.Уәлиханов университетінің базасында «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп өткізіп жатқан практикалық бағыттағы модульдерден тұратын 3-күндік оқытуға қатысып отыр.

Бағдарлама партия мүшелері болып табылатын басшылар мен мамандардың кәсіби және басқарушщылық құзыреттерін дамытуға, аумақтар деңгейіндегі нақты кейстерді пысықтауға, сондай-ақ партияішілік үйлестіру мен кері байланыстың тиімді тетіктерін қалыптастыруға бағытталған.

Оқыту бағдарламасы үш кезеңнен тұрады:
1-кезең -офлайн-интенсив;
2-кезең -онлайн сүйемелдеу және офлайн сессия;
3-кезең - жобаларды қорғау және рейтинг қалыптастыру.

Оқыту аяқталғаннан кейін қатысушыларға курстан кейінгі сүйемелдеу және рейтингті тұрақты жаңарту қарастырылған.