Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Сіздерді ең маңызды әрі қасиетті мерекелердің бірі - Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке 80 жылдан астам уақыт бойы халқымыздың теңдессіз ерлігін еске алып, ұрпақтарды бір мақсатқа біріктіріп, өмірімізге ерекше мән беріп келеді. Осы күні біз соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің алдында бас иіп, еркіндік пен тәуелсіздікті орасан зор құрбандық пен ерлік арқылы қорғап қалғандары үшін терең құрмет пен алғыс білдіреміз.

Майдангерлердің ерлігі, тыл еңбеккерлерінің төзімділігі мен жанқиярлығы тарихта мәңгі сақталып, бүгінгі қоғам үшін өнегелі бағдар болып табылады. Олардың батылдығы мен Отанға деген адалдығы – шынайы патриотизмнің айқын үлгісі.

Жеңістің ортақ шежіресінде Ақмола өңірінің үлесі ерекше. Мыңдаған жерлестеріміз ұрыс даласында ерлік көрсетіп, Отанды абыроймен қорғады, ал тылда киелі жеріміз майданның сенімді тірегіне айналды. Мұнда эвакуацияланған кәсіпорындар орналастырылып, еңбек еткен мыңдаған адам әскерді қажетті дүниелермен қамтамасыз етті. Өңір тұрғындарының жанқияр еңбегі көптен күткен Жеңіс күнін жақындатты.

Біз тарихи шындықты сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізуге, ардагерлерге әрдайым құрмет пен қамқорлық көрсетуге тиіспіз. Ұрпақтар сабақтастығы, бірлік пен Отанға деген шынайы сүйіспеншілік - қоғамымыздың берік негізі әрі бейбіт болашақтың кепілі.

 

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, жерлестер!

Сіздердің ерліктеріңіз бен отансүйгіш рухтарыңыз жас ұрпақ үшін батылдықтың, парызға адалдықтың және Отанға деген мәңгілік сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Сіздерге зор денсаулық, амандық, бейбітшілік пен келісім, ертеңгі күнге сенім және еліміздің игілігі жолында жаңа жетістіктер тілеймін!

Құрметпен,

Бейбіт Жүсіпов,

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы