Президент Ақмола облыстық мәслихат төрағасына мемлекеттік награда табыстады

Президент Ақмола облыстық мәслихат төрағасына мемлекеттік награда табыстады

17 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ заң мен тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады.
Марапатталғандардың қатарында Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы, өңірлік коалиция төрағасы, Конституциялық комиссия мүшесі Бейбіт Айтымұлы Жүсіпов те бар. Мемлекет басшысы оған «Құрмет» орденін табыс етті.