Референдум бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда

Референдум бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда

Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов алдағы Жалпыұлттық референдум және Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру науқаны аясында Ерейментау ауданына жұмыс сапарымен барды.

Жоспарға сәйкес халықпен кездесулер Майлан, Торғай және Еркіншілік ауылдарында өтті.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында Бейбіт Айтымұлы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелеріне жан-жақты тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістер Негізгі заңның 80 пайыздан астам бабын қамтитынын атап өтті.

Сонымен қатар жаңа Конституция жобасы әділеттілік, заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ адам капиталын, ғылым мен инновацияны дамытуға бағытталғанына ерекше назар аударды.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Сондай-ақ сот жүйесін реформалау, Конституциялық сот институтын күшейту, азаматтардың тұрғын үй құқықтарын қорғау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері талқыланды.

Іс-шараға Ерейментау аудандық мәслихатының депутаттары, жергілікті қауымдастық мүшелері және ауылдардың белсенді тұрғындары қатысты.

Кездесулер соңында мәслихат төрағасы аудан тұрғындарын алдағы республикалық референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.