Конституцияның жаңа жобасын түсіндіру бойынша кездесулер жалғасуда

Конституцияның жаңа жобасын түсіндіру бойынша кездесулер жалғасуда

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов «Конституциялық реформа – 2026: Ұлттық Құрылтай бастамалары» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты.

Конституциялық комиссия мүшесі, мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов қатысушыларға алдағы конституциялық өзгерістердің мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, Ұлттық Құрылтай бастамаларының маңыздылығы жөнінде айтып берді. Сонымен қатар, қоғамдық-саяси үдерістердегі жастардың белсенділігін арттыру мәселелері қозғалды.

Іс-шарада реформалардың негізгі бағыттарына, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға, азаматтық қоғамды дамытуға және жас буынның саяси мәдениетін қалыптастыруға айрықша назар аударылды. Ұлттық Құрылтай бастамаларының қоғамдық бірлік пен азаматтық жауапкершілікті күшейтудегі рөлі ерекше атап өтілді.

Дөңгелек үстел ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өзара пікір алмасып, толғандырған сұрақтарын қойып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.