Ақмолалық шахматшы қыз Перуде өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды

Ақмолалық  шахматшы қыз Перуде өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды

Жезқазғанда 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында шахматтан 2026 жылғы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

 

Жарысқа бағдарламаның классика, рапид және блиц - үш түрі кірді. Ұлдар мен қыздар бөлек жарысты. Алты түрлі спортшы әртүрлі дисциплина бойынша алтын алды. Классикадағы Чемпиондар ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалына қатысуға құқылы. Сонымен қатар, классикадағы жеңімпаздар қыркүйек айында Лимада өтетін 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында елді намысын қорғайды.

 

34 қатысушының ішінен біздің жерлесіміз Жанбота Камарова 9-дан 7.5 балл нәтижесімен классикада 1-орынға ие болды!

Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстан бойынша Senat Open 2026 турнирінің 1/8 финалы өтуде.