
Бос лауазымға орналасуға арналған жалпы конкурс қорытындысы бойынша, Ақмола облыстық мәслихаты төрағасы Бейбіт Жүсіповтің өкімімен аппарат басшысы лауазымына Талғат Серікұлы Бөлтенов тағайындалды.
Талғат Бөлтенов 1970 жылы туған. «Инженер-механик» біліктілігі бойынша Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын, «қаржыгер-экономист» біліктілігі бойынша Республикалық салааралық есепке алу және статистика институтын, сондай-ақ А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие.
Еңбек жолын 1988 жылы бастаған. 1996–1999 жылдары коммерциялық ұйымдарда түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 1999 жылы мемлекеттік қызметке қабылданды.
Қызметтік жолында бас маман және бөлім басшысы лауазымдарынан бастап Ақмола облыстық экономика басқармасы бастығының орынбасарына дейін көтерілді. Кейін облыстық қаржы басқармасын басқарды.
Ақмола облысы әкімінің аппараты басшысы қызметін атқарды, одан кейін қайтадан өңірдің қаржы басқармасының басшысы болды.
Тағайындалғанға дейін Ақмола облысы әкімдігі әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.