Төрағаның Ұлттық баспасөз күніне арналған құттықтауы

Төрағаның Ұлттық баспасөз күніне арналған құттықтауы

Құрметті баспасөз қызметкерлері!

Қазақстанда үшінші жыл қатарынан 2 ақпанда Ұлттық баспасөз күні аталып өтуде. Бұл күн баспа сөзінің құдіретіне көрсетілген құрметтің белгісі болып, журналистиканың қоғамдық сананы қалыптастырудағы және демократиялық құндылықтарды нығайтудағы ерекше миссиясын айқындайды.

Тарихи маңызы зор бұл мереке 2023 жылы ресми түрде бекітілді. 1913 жылғы 2 ақпанда ұлттық баспасөздің дамуына негіз болған «Қазақ» қоғамдық-саяси және әдеби газетінің алғашқы саны жарық көрді. Содан бері баспа басылымдары білім мен ақпаратты, мәдени құндылықтарды таратуда маңызды рөл атқарып келеді. Бүгінде олар мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді көпір бола отырып, ішкі және сыртқы оқиғаларды жан-жақты қамтиды.

Цифрлық дәуір жағдайында баспа журналистикасының бай дәстүрлерін сақтау аса маңызды. Осы орайда сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби идеяларды табысты іске асыруды, сөз бостандығы мен заңды құқықтарыңыздың қорғалуын, сондай-ақ еңбектеріңізде жаңа жетістіктер тілеймін!

 

Бейбіт Жүсіпов,

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы