Депутаттар жол инфрақұрылымы мен АӨК мәселелерін қарады

Депутаттар жол инфрақұрылымы мен АӨК мәселелерін қарады

Ақмола облыстық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында қызу пікірталас өрбіді. Депутаттар республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерін жарықтандыруды қаржыландыру мәселелерін, ірі көлемді жүк көліктерінің жүргізушілерінің салмақты бақылау жүйесін айналып өтуіне байланысты проблемалар, сондай-ақ Ақмола облысының Атбасар қаласында жүргізуші куәліктерін алуға теориялық емтихандар өткізудің бүгінгі жағдайын қарады.

Сонымен қатар, Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешенін мемлекеттік қолдаудың қабылданып жатқан шараларына қатысты үшінші мәселе ерекше қызу талқыланды.