
Күн тәртібі бойынша Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы мүшесін қызметтен босатуы туралы сұрағы қаралды.
Айта кетейік, «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы 6-бабының 2-1-тармағына сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының құзыретіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерін бес жылға лауазымға тағайындау, сондай-ақ оларды лауазымнан босату жатады.
Осыған байланысты Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Қанат Есмағамбетов баяндама жасады.
Депутаттар күн тәртібіне шығарылған мәселені қарап тиісті шешім қабылдады.