«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылғы 20 қаңтарда сағат 11-00-де Көкшетау қаласында (Абай көшесі, 83) сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті жиырма бесінші сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қарауына «Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесін қызметтен босату туралы» сұрағы енгізіледі.
Сессияның онлайн-трансляциясы Ақмола облыстық мәслихатының Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында жүргізіледі https://www.facebook.com/share/1CcGSdzvH4/?mibextid=wwXIfr
Ақмола облыстық
мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов