Мәслихат төрағасының Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Мәслихат төрағасының Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

 

Өңірдің депутаттық корпусы атынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!

Бұл мереке - мемлекетіміздің бостандығы мен қуатының нышаны. 16 желтоқсан - өз өмірін елдің тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ұлттық батырларға деген тағзым күні. Олардың Отанға деген жанқиярлық сүйіспеншілігі қазіргі және болашақ ұрпаққа жарқын үлгі болып қала береді.

Тәуелсіздік алған уақыттан бері халқымыз Қазақстанның даңқты тарихын жаңа жетістіктермен, маңызды реформалармен және терең өзгерістермен лайықты жалғастырып келеді. Тәуелсіздік жылдары біз айтарлықтай прогреске қол жеткізіп, әлемдік аренада өз орнымызды нығайттық.

Қазақстан бүгінгі күні де бейбітшіліктің, келісімнің және орнықты экономикалық дамудың символы болып отыр. Елімізде саяси және экономикалық реформалар, экономиканың негізгі салаларын жаңғырту үдерістері тұрақты түрде жалғасуда.

Жыл қорытындысы бойынша Ақмола облысы да әлеуметтік-экономикалық дамудың жақсы көрсеткіштеріне қол жеткізіп, ауқымды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды табысты іске асыруда. Бұл бастамалардың әрқайсысының нәтижелі болуы - аймақ тұрғындарының белсенділігі мен қажырлы еңбегінің жемісі.

Құрметті жерлестер! Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тіл мен мәдениет дами берсін, патриотизм нығая берсін, жас таланттарға әрдайым қолдау көрсетілсін.

Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, амандық, тұрақтылық тілеймін. Отбасыларыңызда әрдайым бейбітшілік, келісім және өзара түсіністік орнасын.

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

 

Бейбіт Жүсіпов,

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы