Облыстық мәслихатта «Кең дала-2» және «Ауыл аманаты» бағдарламаларының іске асырылуы талқыланды

Облыстық мәслихатта депутат Әбілқайыр Ошақбаевтың төрағалығымен аграрлық мәселелер және өңірді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Жүсіпов «Кең дала-2» және «Ауыл аманаты» бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы баяндама жасады. Ол отырысқа қатысушыларды қол жеткізілген нәтижелер туралы хабардар етіп одан әрі шешуді талап ететін проблемалық мәселелерді белгіледі.
Баяндамашының айтуынша, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жыл сайын ауылдық бастамаларды қолдау үшін қаражат бөлінеді. 2024 жылдан бастап тиімділікті арттыру үшін скрининг жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша әкімдіктер микрокредиттеу мен лизингтің басым бағыттарын уәкілетті органдармен айқындап келіседі.
Депутат Беким Әкімов облыс аудандарының жерлерін тиімді пайдалану бағыттарын жан-жақты айқындау қажеттігін атап өтті. Мысал ретінде ол Ерейментау ауданы үшін мал шаруашылығының неғұрлым тиімді бағыт екенін айтты. Сондай-ақ депутат астықты өткізу мәселесін де көтерді.
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен кредит беру желісі бойынша іске асырылатын «Кең дала» және «Кең дала-2» бағдарламалары шеңберінде 2025 жылғы қарашадағы жағдай бойынша жалпы сомасы 118,7 млрд теңгеге 1000-ға жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге кредит берілді.
«Кең дала-2» бағдарламасының негізгі артықшылығы – пайыздық мөлшерлемені қосымша субсидиялаусыз жылдық 5% мөлшерлемемен несие беру. Сонымен қатар, «Даму» Қоры қарыздардың 85%-ына дейін кепілдік беріп, фермерлерге несие сомасының небәрі 15%-ын кепілге қоюға мүмкіндік жасайды.
Талқылау барысында депутат Берген Беспалинов қаражаттың облыстар арасында біркелкі бөлінбеуі мәселесін көтеріп, жобалардың шектеулі санын ғана қолдау бағдарламаларды іске асырудың жалпы нәтижесіне теріс әсер ететінін атап өтті.
Депутат Анар Аяпбергенова ауыл шаруашылығы саласында «Цифрлық теңгені» қолдану мәселесіне қызығушылық танытып, ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау бағдарламаларының ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін заманауи қаржы құралдарын енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Отырыстың екінші мәселесі - инвесторлар тарапынан міндеттемелердің орындалмауына байланысты Егіндікөл ауданына қарасты ауылдардың бірінің тұрғындары көтерген проблемалар болды. Талқылауға бұл мәселені депутат Әбілқайыр Ошақбаевтың есептік кездесуінде көтерген ауыл тұрғындарының өкілдері қатысты.
Аудан әкімі Юрий Курушин ауылдың инфрақұрылымдық жағдайы, сондай-ақ жалақы төлеу, міндетті зейнетақы және салық аударымдары мен МӘМС бойынша проблемалық мәселелер туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздеріне «жоғарыдан» нұсқаусыз, инвесторды өз бетінше таңдау мүмкіндігін беру жөнінде ұсыныс білдірді.
Талқылау қорытындысы бойынша тұрақты комиссия мүшелері ауыл шаруашылығы басқармасына инвесторды ауыстыру мәселесін қарастырып, отырыс барысында айтылған барлық ескертулер мен ұсыныстарды қамтитын хатты уәкілетті органға жолдауды ұсынды.