Мәслихатта қосымша білім беру қызметтерін жеткізушілермен кездесу өтті

Мәслихатта қосымша білім беру қызметтерін жеткізушілермен кездесу өтті

Ақмола облыстық мәслихатында төраға Бейбіт Жүсіпов білім, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалардың басшылары орынбасарларының қатысуымен қосымша білім беру қызметтерін жеткізушілермен кездесті.
Кездесуге кәсіпкерлердің 2026 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға бюджет қаражатын бөлу және шарттарды ұзарту мәселелері бойынша алаңдаушылығы себеп болды.


2022 жылдан бастап облыста балаларға үйірмелерге тегін баруға және ҚР білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде қосымша біліммен қамтуды кеңейтуге мүмкіндік беретін қосымша білімге мемлекеттік білім беру тапсырысы іске асырылуда. Жыл сайын 9 800 баланы қамту үшін 1,2 млрд. теңге сомасында қаражат бөлінеді.


Бүгінгі таңда мемлекеттік тапсырысты 10 аудан мен 2 қалада 57 жеке ұйым іске асырады, онда 7 бағыт бойынша 9,5 мыңға жуық орын ашылды: көркемдік-эстетикалық, ғылыми-техникалық, туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық.
Кездесу барысында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ережелеріне өз ұсыныстарын ұсынды.
Қосымша білім беруге арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру жөніндегі конкурсты уәкілетті орган 2026 жылға арналған бюджет нақтыланғаннан кейін өткізетін болады.
Бұл мәселе облыстық мәслихаттың бақылауында.


Айта кетейік, Ақмола облысында 21216 баланы қамтитын 46 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Бұл балалар музыкалық мектептері, балалар көркемсурет мектептері, балалар шығармашылық орталықтары, жас натуралистер станциясы, жас техниктер станциялары және т. б.
Сонымен қатар, мектептердегі 6304 үйірмелер мен секцияларға 100 мыңнан астам бала барады. Сонымен, балаларды қосымша біліммен қамту 72% құрайды.