
Ақмола облысының депутаттық корпусы атынан сіздерді кәсіби мереке - Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күнімен және азаматтық қорғау жүйесінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтаймын!
Соңғы онжылдықтарда азаматтық қорғау жүйесі үлкен даму жолынан өтті. Комитет бірнеше рет қайта құрылды: оның мәртебесі, құрылымы, өкілеттіктері өзгерді. Бүгінде төтенше жағдайлар органдары – басқару жүйесі нақты қалыптасқан, жоғары білікті кадрлармен жасақталған, заманауи техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген, қуатты әрі тиімді мемлекеттік ведомство ретінде қалыптасып отыр.
Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы – еліміздегі кәсіби құтқарушыларды даярлайтын жалғыз бейінді жоғары оқу орны ретінде ерекше рөл атқарады. Академия осы жылдары еліміздің азаматтары мен аумақтарының қауіпсіздігін тәулік бойы қамтамасыз ететін 6 мыңнан астам жоғары білікті маман даярлап шығарды.
Азаматтық қорғау құрылымдарының имиджі мен беделі — күнделікті қажырлы, жауапты, кей жағдайда батырлыққа пара-пар еңбектің нәтижесі.
Сіздердің кәсібиліктеріңіз, батылдықтарыңыз бен жоғары жауапкершіліктеріңіз зор құрмет пен шексіз алғысқа лайық.
Бүгінде өңірде өртке қарсы инфрақұрылым жүйелі түрде дамып, профилактикалық іс-шаралар қарқынды жүргізілуде, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейі жыл сайын жақсарып келеді. Бұл – мемлекеттік қолдау мен Төтенше жағдайлар қызметі басшылығының үйлесімді еңбегінің нақты нәтижесі.
Сонымен қатар, Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тек кәсіби салада ғана емес, спорттық бағытта да биік жетістіктерге қол жеткізуде.
Құрметті құтқарушылар!
Сіздердің мамандықтарыңыз – бұл күнделікті ерлік пен жоғары жауапкершілікті талап ететін абыройлы қызмет. Осы айтулы күні сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасылық амандық, жылулық, бейбіт өмір және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін! Істеріңізге әрдайым сәттілік серік болып, жанұяңыздың қолдауы мен қоғамның құрметі өздеріңізбен бірге болсын!
Б.Жүсіпов,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы