Ақмола облыстық мәслихатының өткен сессиясында аграрлық мәселелер және өңірді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Әбілқайыр Ошақбаев баяндама жасады.
Аграрлық сектор - өңірдің негізгі саласы. Комиссияда депутаттар - ауыл шаруашылығында 30 жылдан астам тәжірибесі бар, жердің, өндірістің, аграрлық өмірдің қыр-сырын іштен білетін тәжірибелі мамандар жұмыс істейді.
«Есепті кезеңде 19 отырыс өткізіліп, 14 мемлекеттік орган тыңдалды, 25 қаулы қабылданып 80-нен астам ұсынымдар дайындалды. Осы сандардың әрқайсысы нақты өтініштерге, жергілікті мәселелерге, фермерлер мен ауыл тұрғындарының үміт-тілегіне негізделеді», - деп атап өтті комиссия төрағасы.
Комиссия жұмыс істеген уақыт ішінде тұқым қорының жай-күйіне, егіс және егін жинау науқанына дайындығына, сондай-ақ шалғайдағы ауылдық округтердегі егінді сақтау, кептіру және өткізу проблемаларына ерекше назар аударылды. Ауыл шаруашылығы өндірушілерін, әсіресе мал өсірушілер мен дәнді дақылдарды субсидиялау деңгейі, егіннің шығыны үшін өтемақы, климаттық тәуекелдер және ақбөкендердің көші-қон салдары мәселелері қаралды.
Ақбөкендердің көші-қонына байланысты туындаған мәселелер күрт ушығып, ауыл шаруашылығы саласына айтарлықтай зиян келтірді. Қолданылған ату шаралары тиімді нәтиже бермеді. Комиссия жұмыс топтарын құрғанымен, олардың қызметі мемлекеттік органдар тарапынан ресми түрде қолдау таппады.
«Біз, мәслихат депутаттары, сайлаушыларымыздың мүддесін білдіруге және қорғауға міндеттіміз. Ресми хат алмасулармен шектелмей, мемлекеттік органдармен толыққанды, ашық диалог орнатуға құқылымыз.
Комиссия осы мәселені кеңінен талқылауға бастамашы болып, орталық мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар жолдады. Біздің басты мақсатымыз – табиғатты қорғау мен ауыл шаруашылығының мүдделерін үйлестіру арқылы ақылға қонымды тепе-теңдік табуу», - деді Ошақбаев.
Көші-қон бағыттары бойында қоршаулар орнатуды қоса алғанда, шаралар ұсынылды (мысалы - Егіндікөл ауданында ұзындығы 34 км қоршаулар).
Комиссия Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің қолдауына ие болған ұсыныстар әзірледі. Отырыстарда сондай-ақ астықты терең өңдеу, өңірде кадрлар даярлау перспективалары талқыланды.
Адами капитал АӨК бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторына айналуда. Комиссия сонымен қатар өңірдің индустриялық-инновациялық даму мәселелерімен айналысады: инвестициялық жобаларды іске асыру, туризмді дамыту және кадрлар даярлау.
Отырыс нәтижесінде:
Депутаттар атқарушы биліктің өкілді органмен өзара іс-қимылын күшейтуді және шешімдер қабылдау кезінде комиссияның қорытындыларын ескеруді ұсынды. Әбілқайыр Ошақбаев республикалық агроэкологиялық саясаттағы өңірлік проблемаларды көрсетудің және қысқа мерзімді шаралардан ұзақ мерзімді профилактикаға көшудің маңыздылығын атап өтті.
Парламенттің бейінді комитеттерімен, сондай-ақ басқа өңірлердің аграрлық комиссияларымен өзара ынтымақтастықты жалғастыру жоспарланып отыр. Комиссия ведомствоаралық өзара әрекеттестікті күшейтуді көздейді және жұмысты тек есептілік үшін емес, нақты әрі тиімді нәтижелерге қол жеткізуге бағыттайды.