Ақмола облысында қарттар мен мүгедек адамдарды қолдау шаралары талқыланды

Ақмола облысында қарттар мен мүгедек адамдарды қолдау шаралары талқыланды

Халықаралық қарттар күні қарсаңында Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа қатысушылар қарт азаматтар мен мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдаудың негізгі бағыттарын қарастырып, сондай-ақ, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін кеңейту мәселелерін талқылады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың соңынан бастап өңірдің Көкшетау және Степногорск қалалары мен Зеренді және Ерейментау аудандарында белсенді ұзақ өмір сүрудің төрт орталығы ашылды.

«Орталықтардың жұмысы қарттардың денсаулығын қолдауға, жайлы кедергісіз орта құруға және белсенді қоғамдық өмірге тартуға бағытталған. Орталықтар «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді және қызметтердің кең спектрін ұсынады», – деп атап өтті басқарма басшысы Шолпан Рахматуллина.

Аталған орталықтар облыстың барлық аудан орталықтарында ашылады деп жоспарлануда.

2025 жылдан бастап өңірде әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары жүзеге асырыла бастады. Атап айтқанда, жасына байланысты зейнеткерлерге санаторий-курорттық емделуге кеткен шығындар өтеледі. Бұдан бөлек, Көкшетау қаласындағы барлық зейнеткерлер үшін қоғамдық көлікте тегін жол жүру құқығы енгізілді.

Қарттар мен мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдау жөніндегі жыл сайынғы айлығы шеңберінде азаматтардың осы санатының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені өткізіледі.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің облыстық департаментінің басшысы Нұрлан Шерьязданов Еңбек министрлігінің ақпараттық порталында өңірдің 1707 Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілері туралы деректер орналастырылғанын хабарлады. «AMANAT» партиясының жол картасы аясында 2025 жылы 192 нысанды бейімдеу жоспарлануда, бүгінгі таңда 79 нысан бейімделген (41,1%).

Сонымен қатар, Департамент интерактивті қолжетімділік картасындағы деректердің сапасы мен өзектілігін бақылаудың жеткіліксіздігін атап өтті – көптеген нысандар қателіктермен немесе маңызы жоқ ақпаратпен көрсетіледі.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық емдеу кезінде дәрі-дәрмектермен, мамандандырылған емдік өнімдермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қосымша ұсыну мәселелері бойынша түсініктеме берді.

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар уәкілетті органдарға тиісті ұсыныстар берді. Қарт азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ете отырып, басталған жобаларды іске асыруды жалғастыру және әлеуметтік салада қол жеткізілген нәтижелерді күшейту қажеттігі атап өтілді.