Ақмола облысында 13 қыркүйекте "BOLASHAQ
SARAIY" балалар мен жасөспірімдер сарайында "АУЫЛ" партиясының 25 жылдығына арналған “Ауыл ойындары -2025" турнирі өтті.
Турнир Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының және Астана қаласының жоғары оқу орындары мен колледж студенттерін қамтыды.
Турнир жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға,
салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спорт түрлерін дамытуға жәрдемдесу және ауыл дәстүрлерін сақтаған ұлттық спорт түрлерін ілгерілету.
Құттықтап “АУЫЛ” партиясы” РҚБ аппарат басшысының м.а. Нұрхат Ораш және Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Саят Сыздықов, сөз сөйледі.
«Ауыл ойындары» — бұл жай ғана жарыс емес. Бұл — дәстүр мен тарихи жадымызды ұлықтайтын, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын ерекше мереке. Бұл — баршамыздың бойындағы рухты, денсаулықты және бірлік сезімін нығайтатын маңызды оқиға, - деп атап өтті Саят Сыздықов.
Қатысушылар ұлттық спорттың 7 түрінен бақ сынасты:
1) асық ату, 2) ләңгі тебу, 3) арқан тарту, 4) дәстүрлі садақ ату,
5) тоғызқұмалақ, 6) қазақ күресі, 7) футзал.
Жарыс қорытындысы бойынша Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері жалпы командалық 3 орын., Астана қаласының студенттері 2 орынға ие болды. Турнирдің үздік ойыншылары болып Солтүстік Қазақстан облысының студенттері атанды.