Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Депутаттық корпус атынан Сіздерді жүректерге жылу ұялататын айтулы мереке – Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл ерекше күн Қазақстанда қыркүйек айының әр екінші жексенбісінде аталып өтеді. Отбасы – адамның тұлға болып қалыптасуына негіз болатын қоғамның ең маңызды бөлігі.
Туған үйдің жылуы, жақындарының сүйіспеншілігі мен қамқорлығы – адамға тірек болып, шабыт береді, ертеңгі күнге деген сенімді нығайтады. Отбасыда мінез бен адамгершілік қалыптасып, бүкіл ұлттың болашағына әсер ететін өмірлік құндылықтардың іргетасы қаланады.
Бүгінде еліміздің отбасылық-демографиялық саясатының басты басымдықтарының бірі – отбасылық құндылықтарды сақтау мен нығайту, көпбалалы және толық емес отбасыларды жан-жақты қолдау, сондай-ақ халық санын арттыру болып табылады.
Ақмола облысында дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқаны қуантады. Мысалы, білім беру ұйымдарында саналы ата-ана болуды қалыптастыруға және ұлттық отбасылық дәстүрлерді дамытуға бағытталған ата-аналарды қолдаудың педагогикалық орталықтары мен «Даналық мектебі» клубтары жұмыс істейді. Өйткені, мықты, тату және бақытты отбасы - бұл біздің мемлекетіміздің негізі.
Облысымыздың барлық тұрғындарына, әсіресе жас отбасыларға өзара түсіністік, құрмет, қамқорлық, рухани жылулық, бақыт және мол махаббат тілеймін! Әр шаңырақта бейбітшілік пен келісім орнасын, ал әрбір қазақстандық отбасы еліміздің бірлігі мен күшінің берік тірегіне айналсын!
Бейбіт Жүсіпов,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы