Ағымдағы жылғы 1 тамызынан 31 қыркүйегіне дейін дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілуде.
Бұл акцияның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады.
Бүгінгі таңда облыс бойынша материалдық көмек алған балалардың жалпы саны 13 мыңнан асты. Көрсетілген көмек көлемі 500 млн теңгені құрады. Қаражат ата-аналардың банк карталарына аударылып, бұл оларға мектеп формасын, аяқ киімін және кеңсе тауарларын өз қалауынша сатып алуға мүмкіндік береді.
Акцияны өткізуге аудан және облыс әкімдіктері, мемлекеттік құрылымдар белсенді қолдау көрсетуде. Республикалық акцияға өңірдің бизнес-құрылымдары да қатысуда.
Мысалы, қайырымдылық акциясы аясында Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары оқушыларға дәстүрлі түрде көмек көрсетеді.