Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Ақмола облысының депутаттық корпусы атынан Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қай заманда да құрылысшы мамандығы аса маңызды, қоғам үшін қадірлі болды. Жаңа ғимараттың әрбір кірпіші, әрбір жол метрі, көгалдандыру аясында отырғызылған әрбір ағаш - сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің жемісі.
Соңғы жылдары өңірде жүздеген мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жеке тұрғын үй құрылысы белсенді дамып келеді. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары салынуда және жаңғыртылуда, оның ішінде ауылдық елді мекендерде де.
Облыстағы инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға, қалалар мен ауылдарды абаттандыруға, заманауи қалалық ортаны қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінуде.
Халық қалаулыларының атынан сіздерге қоғам игілігі жолындағы табанды еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбекте сәттілік пен жаңа жетістіктер тілеймін. Елге тыныштық, әр шаңыраққа бақ-береке серік болсын!
Бейбіт Жүсіпов,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы