2025 жылғы 30 шілдеде Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХІ сессиясында депутаттық корпусқа облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Алмагүл Шүгірмақованың 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу туралы баяндамасы ұсынылды.
Сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың бірқатар басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Бюджеттің осы нақтылауында қаражатты кейбір іс-шараларға қайта бөлу ұсынылды. Атап айтқанда, жылумен жабдықтау объектілерін алдағы жылыту маусымына дайындауға және облыстың бірқатар қалалары мен кенттерінің қазандықтарын ағымдағы жөндеуге.
Тұрғындарды автогородоктағы ескі үйлерден (барактардан) көшіруге арналған Көкшетау қаласының тұрғын үй қорын жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында «KOKSHE» ӘКК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға ақшалай қаражат қайта бөлінді.
Депутаттар вокзал маңындағы аумақтарды абаттандыруға, Бурабай ауданы, Қосшы және Көкшетау қалалары халқының әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға, мәдениет үйлерін ұстауға, Көкшетау мен облыстың спорт мектептерінде теннис бөлімшелерін ашуға, жастар хоккей командасын қолдауға және Застанционный кентіндегі жолдарды жөндеуге сомаларды бекітті.
Сонымен қатар, сессияда кадрлық өзгерістерге байланысты әкімдік жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жаңартылған дербес құрамы бекітілді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша облыстық мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.