«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2025 жылғы 30 шілдеде сағат 15-00-де Көкшетау қаласында (Абай көшесі, 83) сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қарауына «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 8С-16-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және басқа да сұрақтар енгізіледі.
Сессияның онлайн-трансляциясы Ақмола облыстық мәслихатының Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында жүргізіледі https://www.facebook.com/share/1CcGSdzvH4/?mibextid=wwXIfr