Ақмола облысында инклюзивті лагерьдің екінші ауысымы өтті

Ақмола облысында инклюзивті лагерьдің екінші ауысымы өтті

«Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры (бұдан әрі – Корпоративтік қор) инклюзияны дамытуға және балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыруға ерекше назар аударады. 2022 жылдан бері осындай жобалардың бірі-инклюзия мен спортты біріктіретін бірегей «Sheksiz Mumkindikter» лагері. Биыл жобамен 250 бала мен олардың ата-аналары қамтылады деп күтілуде.

Екінші маусымға 50 бала мен олардың ата-аналары қатысты. Биылғы жылдың бірінші маусымы Алматы облысының Қонаев қаласында өтсе, екінші маусымы Ақмола облысының Қатаркөл ауылында өткізілді. Лагерьге қатысушылар-церебральды сал ауруы, аутизм, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы және басқа да ерекшеліктері бар балалар, сондай-ақ олардың ата-аналары. Лагерь бағдарламасына бейімделген спорт түрлері бойынша секциялар (бочча, тетербол, футбол, корнхол), шығармашылық шеберлік сабақтары, робототехника сабақтары және моториканы дамытуға арналған түрлі іс-шаралар кіреді. Ата-аналар мен балалар үшін психологтар жұмыс істейді, мотивациялық сессиялар өткізіледі.

Ақмола облысындағы лагерьдің екінші ауысымының салтанатты жабылуына облыстық мәслихаттың депутаттық корпусының атынан депутат Василий Шиманский қатысты. Василий Леонидович, жүрегі кең адам, «ШАНС» мүгедектерді оңалту орталығы» ҚБ төрағасы.

«Ауысымды ұйымдастыруға барын салған жұртшылық - педагогтарға, тәлімгерлерге, еріктілерге шын жүректен алғыс айтамын. Сіздердің арқаларыңызда лагерь әр бала өзін сенімді және қуанышты сезінетін орынға айналды.

Одан бөлек, «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорына алғыс пен ризашылықтың жекелеген сөздерімді арнағым келеді, ол инклюзивті жобаларды бірнеше жылдан бері қолдап келе жатыр», - деп халық қалаулысы өз сөзінде атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, облысымызда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 13 мыңнан астам бала өмір сүреді. Олар үшін қол жетімді және сапалы білім беру ортасын құру өте маңызды. 

Бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мысалы, Көкшетау қаласында «Аяла» балабақшасы ашылды, мамандандырылған балабақша салынуда. Инклюзивті білім беруді дамыту жоспарына сәйкес өңірде инклюзивті білім беруді қолдаудың 104 кабинеті құрылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар, жеке қорлардың қолдауымен 2019 жылдан бастап тағы 11 кабинет ашылды. Бұл жұмыс өз жалғасын табуда.